Сәтбаев қаласының

ішкі саясат бөлімі ресми сайты

KZ | RU

Мемлекеттік мекеменің ережесі

«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органы болып табылады.

2.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік - құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

     8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108 үй.

     9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

     12. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

     Егер «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    

 

2.     Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

этносаралық және конфессияаралық келісім саласында қоғамдық - саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру;

Сәтбаев қаласы тұрғындарының әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуды жүзеге асыру;

ақпараттық кеңестіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

     14. Міндеттері:

     Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістерді демократияландыруды, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтық патриотизмде тәрбиелеу;  

     Қазақстанның даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау, қаланың даму бағдарламаларына бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қолдау көрсетуін ұйымдастыру;

     елдің даму Стратегиясын іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының қатысу шеңберін кеңейту;

     бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг жүргізу;

     қаланың сыртқы безендіруін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

     ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, ішкі саясат, этносаралық және конфессияаралық салалардағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

     ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен оған тәрбиелеу, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен қалалық қоғамдық- саяси іс - шараларды өткізу;

     қаладағы қоғамдық - саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын  жан - жақты, объективті зерттеу, жинақтау және саралау;

     конституциялық принциптерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша саяси партиялар, қозғалыстар және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істеу;

     мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қала аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қолданылуына мониторинг жүргізу;

     ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

     жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық - насихаттау жұмысын үйлестіру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізу;

     мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру;

     бірыңғай мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру бойынша саяси партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, кәсіби одақтармен өзара байланыс жасау.

16. Құқықтары мен міндеттері:

     мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрауға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын сұрақтарды дайындауға тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

     ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге;

     тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай - ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс - шараларға қатысуға;

     ішкі саясат саласының, адам құқықтарын сақтау және мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдық - әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек  көрсетуге;

     қолданыстағы заңдарда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға;

     бағынысты мекемелердің қызметін үйлестіру;

     мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың ұйымдастырушысы және бағдарламалардың әкімшісі ретінде шығуға;

     коммуналдық заңды тұлғаларды басқару органының қызметін жүзеге асыруға;

     коммуналдық мекеме қызметінің негізі мен мақсатын белгілеуге;

     коммуналды заңды тұлғалардың мүлкінің пайдалануы мен сақталуына бақылау жасауға;

     Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

     17. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

     18. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

     19. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

     заңнамада белгіленген тәртіпте сәйкес «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

     заңнамаға сәйкес «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

     «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйым басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуды келіседі;

     заңмен белгіленген тәртіпте «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады;

бұйрықтар шығарады;

     барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

     мемлекеттік функцияларды атқаруға қатысы жоқ үшінші тұлғалармен байланыстарда «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғауға құқық беретін сенімхат береді;

     азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

     қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

     «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

4.     Мемлекеттік органның мүлкi

 

     20. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

     «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай -ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

     21. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.  

     22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5.     Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

     23. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 


Новости inform.kz
Қарқаралыда көпбалалы аналар бизнеспен айналысуда
ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқапарт – Қарағанды облысында көп балалы аналар мемлекет қолдауымен өз бизнесін дамытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
25 жастағы режиссердің «Домбыра» фильмі халықаралық фестивальде үздік болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Қазақстандық жас режиссер Рамазан Халиолланың «Домбыра» фильмі Нью-Дели қаласында өткен 8-ші Халықаралық қысқаметражды фильмдер кинофестивалінде (Delhi Shorts International Film Festival) жүлделі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Биыл Қазақстанда өтімді болған көліктер
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 9 айында Қазақстанда 33 500 автокөлік шығарылды. Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіпке» сілтеме жасап хабарлайды.
22 Қазан 2019
Елордада МӘМС жарнасын аударуға болатын терминалдар орнатылады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы емханаларда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жарнасын аударуға болатын терминалдар орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Созақтық полицей жолда адасып қалған отбасына көмек көрсетті
СОЗАҚ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Созақ ауданында полицей жолда адасып қалған отбасына көмек көрсетті. Нұр-Сұлтан қаласынан шыққан үйелменнің жеңіл көлігі батпаққа батып, жанар-жағармайы таусылған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
ШҚО-да сыбайлас жемқорлыққа қатысты 35 іс қозғалған
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Әділхан Сабуровтың қатысуымен пресс-конференция өтті. Бұл жөнінде ШҚО ақпарат орталығына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
22 Қазан 2019
Түркістан облысында бұрынғы шенеунік пара алу күдігіне ілікті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бәйдібек ауданы жер қатынастары бөлімінің бұрынғы басшысы пара алды деп күдіктелуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 Қазан 2019
Ақтөбе полициясы зорлық жасап, адам өлтірген күдіктілерді іздеп жатыр
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облыстық полиция департаменті іздеуде жүрген күдіктілердің фотосын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Ғалымдар бекітілмеген латын қарпінде жаза бастағандарға пікір білдірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым-хатшысы Анар Фазылжан жекелеген мекемелердің өз атауларын толық бекітіліп үлгермеген латын қарпінде жазуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Ақтөбе іргесіндегі ауыл тұрғындары әкімдіктен көмек сұрады
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласының іргесіндегі Қызғалдақты ауылының тұрғындары халықаралық тасжолға жүргіншілер жолағын салып беруді сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Елордаға қанша дәрігер жетіспейді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы медициналық ұйымдарды кадрлармен қамтамасыз ету көрсеткіші 80,5 пайызды құрады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
ҚР Президенті Әбдіжәміл Нұрпейісовті мерейтойымен құттықтады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
22 Қазан 2019
Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ болады
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Ауа райының бұзылуына байланысты Қостанай облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
Қалаларды денсаулыққа пайдалы ету мүмкін бе – ВВС
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлем елдері қала тіршілігін денсаулыққа пайдалы етуге тырысып жатыр. «Қала адам өміріне қауіпті ме немесе қалаларды адамның гүлденуіне пайдалы қылуға бола ма?» деп жазады ВВС.
22 Қазан 2019
Алдағы жылдары елімізде 16 ірі аурухана салынады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытында салынатын нысандар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Қазақстандықтар жаңа отандық көліктерді көбірек сатып ала бастады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ел тұрғындары Қазақстанда құрастырылған автомобильдерді сатып алуға 208 млрд теңге жұмсады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 73% -ға көп.
22 Қазан 2019
Алматыда балаға дөрекілік танытып, жұлқылаған тәрбиешіге сот үкімі шықты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда балабақшада баланы жұлқылаған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Кентауда «Қарашық» тарихи-этнографиялық музейі ашылды
КЕНТАУ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының 2000 жылдығына орай «Қарашық» тарихи-этнографиялық музейі ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Жамбыл облысында қарақұйрық аулаған браконьерлер ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында заңсыз қарақұйрық аулаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
Латын әліпбиіне көшу әдістемесін әзірлеуге мыңнан астам маман қатысты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сондай-ақ, сала мамандары ұсынған латын әліпбиіне негізделген пернетақта Lenovo компаниясынан сынағынан өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Ресейліктер Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сатып алады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстандық автокөліктер Ресей нарығына 2021 жылдан бастап жеткізіледі. Бұл туралы «ҚазАвтоПром» компаниясының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Қазақстандық әскерилер әлем кубогында жүлдегер атанды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскерилер командасы әлем кубогында қоян-қолтық ұрыстан «қола» медаль иеленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
Алдағы 5 жылда жаңартылатын энергия көздері екі есе артады – зерттеу
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдік энергетика агенттігі күн энергиясы ғалымдар болжағаннан да жылдам дамитынын айтты, деп жазады The Guardian.
22 Қазан 2019
Президенттік жастар кадр резерві: «Тестілеуді верификациялау» кезеңі қалай өтті
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлердің қабілетін тексеретін «Тестілеуді верификациялау» кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
Министр Президент тағайындайтын кейбір кандидатуралар Елбасымен неге келісілетінін түсіндірді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Президент тағайындайтын кейбір кандидатуралардың Елбасымен неге келісілетіндігіне қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Елбасы Владимир Зеленскиймен кездесті
ТОКИО. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Қызылордадан Алматыға сексеуілді заңсыз тасығандар ұсталды
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылордада облыстық табиғат қорғау прокуратурасының қызметкерлері Алматыға 22 тонна сексеуілді заңсыз тасыған жүк көлігін ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Фискалды чек бермеу фактісі туралы хабарлаған 100 адам сыйлыққа ие болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Азаматтық бақылау» жобасы аясында чек бермеу фактілері туралы хабарлаған 100 адамға 1000 теңге көлеміндегі сыйақы төленді (ұялы телефонның теңгерімі толтырылды), деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 Қазан 2019
СҚО-да студенттер арасында жаппай төбелес болды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавлда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 2-3 курс студенттері төбелес шығарып, оқу орнының 46 студентін полиция ұстады. Істің мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Биыл Жамбылда 65 медициналық нысан пайдалануға беріледі
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында биыл 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 23-24 қазандаСолтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады деген болжам бар, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК-ның Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі.
22 Қазан 2019
Сарапшылар Алматы ауасының ластану себебін айтты
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ұлттық сараптама орталығы Алматыдағы ауаның ластану деңгейі жоғары екенін анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Қызылордада жеңіл көлік жүргіншілер жолағында адам қағып кетті
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында жеңіл көлік жүргіншілер жолағында адам қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Жаңа вагондар сатып алу үшін халықаралық тендер жарияланады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан келесі жылы жаңа вагондарды сатып алу бойынша халықаралық тендер жариялайды. Бұл туралы елордадағы бүгінгі жаңа вагондардың таныстырылымында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Михаэль Кортюм айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Ақтөбеде ресейліктер бес компанияны заңсыз ашып алған
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе прокуратурасы көлеңкелі экономиканы кәсіп еткен компанияларды анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Ақмола облысы Шортанды ауданына жаңа әкім тағайындалды
ШОРТАНДЫ. ҚазАқпарат - Ғайдар Қасенов Ақмола облысы Шортанды ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
Көкшетауда 12 жасар жасөспірімді өгей әкесі көшеге қалдырып кеткен
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда өгей әкесі көшеге қалдырып кеткен 12 жасар жасөспірім аман-есен табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркі жаңа вагондармен толықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры Михаэль Кортюм мен «Тұлпар-Тальго» ЖШС өндіріс жөніндегі директоры Рамазан Тілеуленов елордадағы Нұр-Сұлтан-1 станциясында жаңа вагондарды таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Дариға Назарбаева ресми сапармен Ресейде жүр
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева ресми сапармен Ресейге барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер ұйымының» төрағасын қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамедовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
22 Қазан 2019
«Нұрлы жол» бағдарламасы: 2020-2025 жылдарға жаңа мақсат қойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің селекторлық отырысында 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды.
22 Қазан 2019
«ҚазМұнайГаз» еншілес ұйымының басшысы пара алды деп айыпталып отыр
АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда «KMG EP-Catering» ЖШС бас директоры пара алды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
Қазақстанда көрші елдерде тіркелген 900-ден астам көлік апатқа ұшыраған - ҚР ІІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңесбаев шетел нөмірлерімен жүрген көлік жүргізушілеріне қатысты жауапкершілікті күшейту шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Ақтөбеде екі ауылға газ тартылды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Әйтеке би ауданының Жарөткел және Ақкөл ауылының тұрғындары енді көгілдір отын тұтынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
Байдың табысында кедейдің несібесі бар - ай сайын 50 отбасына көмектесетін ұстаз
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ол - 31 жастағы мұғалім, 4 баланың әкесі. Ол аптаның алты күнінде «Санды өрнектер, әріпті өрнектер жалпы түрде «математикалық өрнектер» деп аталады» деп жас ұрпаққа математиканы үйретсе, жексенбі күнгі уақытын қайырымдылыққа арнайды. Бұл мақала білім мен қайырымдылықты ұштастырып жүрген елорда тұрғыны Аралбек Берікұлы туралы болмақ.
22 Қазан 2019
7-20-25 бағдарламасы бойынша 11 мыңнан астам өтінім мақұлданды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 7-20-25 бағдарламасы аясында несие алуға 19 544 өтініш қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019
Медбике, күзетші, жүргізуші – Қазақстандағы жұмыс берушілерге қандай мамандар қажет
НҰР-СҰЛТАН, ҚазАқпарат – Қазақстанда жұмысқа қарағанда, жұмысшыларды көбірек іздейді. Жұмысқа алу туралы 100 ұсынысқа бар-жоғы 69 түйіндеме келеді, деп хабарлайды Finprom.kz.
22 Қазан 2019
Ақмола облысында екі адамның мәйіті табылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22 Қазан 2019
Дін тақырыбында өткен журналистер байқауының жеңімпаздары белгілі болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда дін тақырыбына арналған үздік шығармаларға жарияланған журналистер байқауы қорытындыланды. Түрлі номинациялар бойынша жұмыстары сарапқа салынған байқау жеңімпаздары арнайы диплом мен бағалы сыйлықтарға ие болды,деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
22 Қазан 2019


"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Жайлаубаев Бақытжан Өміртайұлы

Бөлім басшысының алғы сөзі

Бөлім басшысының өмірбаяны

Атқарылған жұмыстар туралы есеп