Сәтбаев қаласының

ішкі саясат бөлімі ресми сайты

KZ | RU

Мемлекеттік мекеменің ережесі

«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ

ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

 

1.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ішкі саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік органы болып табылады.

2.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік - құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3.    «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7.  «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

     8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101301, Сәтбаев қаласы, академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108 үй.

     9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

     12. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

     Егер «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

    

 

2.     Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру мәселелерін шешу;

этносаралық және конфессияаралық келісім саласында қоғамдық - саяси тұрақтылықты нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру;

Сәтбаев қаласы тұрғындарының әлеуметтік оптимизмін қалыптастыру, сонымен қатар, азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытуды жүзеге асыру;

ақпараттық кеңестіктің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

     14. Міндеттері:

     Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, қоғамдық үрдістерді демократияландыруды, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, азаматтық патриотизмде тәрбиелеу;  

     Қазақстанның даму Стратегиясының негізгі басымдықтарын түсіндіру және насихаттау, қаланың даму бағдарламаларына бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қолдау көрсетуін ұйымдастыру;

     елдің даму Стратегиясын іске асырудағы азаматтық қоғам институттарының қатысу шеңберін кеңейту;

     бұқаралық ақпарат құралдарының қызметіне мониторинг жүргізу;

     қаланың сыртқы безендіруін үйлестіру және идеологиялық қамтамасыз ету.

15. Функциялары:

     ішкі саясат саласында жергілікті мемлекеттік органдар жұмысын үйлестіру, ішкі саясат, этносаралық және конфессияаралық салалардағы мемлекеттік саясатты айқындайтын тұжырымдамаларды, бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

     ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен оған тәрбиелеу, азаматтық қоғам институттарының қатысуымен қалалық қоғамдық- саяси іс - шараларды өткізу;

     қаладағы қоғамдық - саяси үрдістерді және олардың даму тенденцияларын  жан - жақты, объективті зерттеу, жинақтау және саралау;

     конституциялық принциптерді және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау бойынша саяси партиялар, қозғалыстар және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс істеу;

     мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қала аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес олардың қолданылуына мониторинг жүргізу;

     ел дамуының ұзақмерзімді басымдықтарына сәйкес мемлекеттік жастар саясатын іске асыру;

     жергілікті мемлекеттік органдардың ақпараттық - насихаттау жұмысын үйлестіру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ақпараттық - түсіндіру жұмысын жүргізу;

     мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру;

     бірыңғай мемлекеттік ішкі саясатты іске асыру бойынша саяси партиялармен, қоғамдық және діни бірлестіктермен, кәсіби одақтармен өзара байланыс жасау.

16. Құқықтары мен міндеттері:

     мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрауға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін мемлекеттік мекеме құзыретіне жататын сұрақтарды дайындауға тарту, тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

     ішкі саясат саласындағы мемлекеттік органдар қызметін жетілдіру жөнінде әкімге ұсыныстар енгізуге;

     тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, сондай - ақ орталық және жергілікті атқарушы органдар өткізетін іс - шараларға қатысуға;

     ішкі саясат саласының, адам құқықтарын сақтау және мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын өзге де мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдық - әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек  көрсетуге;

     қолданыстағы заңдарда көрсетілген басқа да құқықтарды жүзеге асыруға;

     бағынысты мекемелердің қызметін үйлестіру;

     мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстың ұйымдастырушысы және бағдарламалардың әкімшісі ретінде шығуға;

     коммуналдық заңды тұлғаларды басқару органының қызметін жүзеге асыруға;

     коммуналдық мекеме қызметінің негізі мен мақсатын белгілеуге;

     коммуналды заңды тұлғалардың мүлкінің пайдалануы мен сақталуына бақылау жасауға;

     Қазақстан Республикасының Заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен белгіленген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

     17. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

     18. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Сәтбаев қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

     19. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

     заңнамада белгіленген тәртіпте сәйкес «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

     заңнамаға сәйкес «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады;

     «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты ұйым басшыларының орынбасарларын лауазымға тағайындау және лауазымнан босатуды келіседі;

     заңмен белгіленген тәртіпте «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін көтермелеу және тәртіптік жазаға тарту шараларын қолданады;

бұйрықтар шығарады;

     барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;

     мемлекеттік функцияларды атқаруға қатысы жоқ үшінші тұлғалармен байланыстарда «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғауға құқық беретін сенімхат береді;

     азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

     қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

     «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

 

 

4.     Мемлекеттік органның мүлкi

 

     20. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

     «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай -ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

     21. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.  

     22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

 

5.     Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

     23. «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 


Новости inform.kz
Шығыс Қазақстандағы 45 мектептің асханасы талапқа сай емес
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы 45 мектептің асханасы талапқа сай еместігі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
Бауыржан Байбек көпбалалы отбасыларға баспана кілтін тапсырды
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Түркістан облысы Жетісай ауданында көпбалалы отбасылар баспаналы болды. «NurOtan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тұрмысы төмен екі жанұяға жаңа тұрғын үйдің кілтін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Екі тәуліктен кейін Көкшетау қаласына су берілді
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Көкшетау қаласына екі тәуліктен соң су берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Дулат Исабеков Абай кеші жөнінде: Жүрекке үлкен ұя салғандай болды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Жазушы, драматург Дулат Исабеков Абайдың 175 жылдығына арналған поэзия және музыка кешінен алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Алматыдағы жастар орталығының құрылысы тоқтап тұр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Depo Park Evolution жастар орталығының құрылысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы Алмалы ауданының әкімінің әкімі Бекқали Торғаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Әскери бөлімнен қару-жарақтың ұрлануы: Тағы бір күдікті ұсталды
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысындағы әскери бөлімнен қару-жарақтың ұрлануы ісіне қатысты тағы бір күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
Пойыз вагондарын тонаған теміржолшылар ұсталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері жүк вагонынан құны 600 мың теңгеге жуық тауарды ұрлаған теміржол жұмысшыларын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Арқалықта бойжеткенді «14 адамның зорлауы»: Істің мән-жайы анықталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық Полиция департатаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов Арқалық қаласындағы қыз зорлау ісіне қатысты мән-жайды айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
Бауыржан Байбек жетісайлық шаруалардың түйіткілдерін тыңдады
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Жетісай ауданына жұмыс сапарымен келген «NurOtan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Абай ауылдық округіндегі «Махарам» шаруа қожалығының қызметімен танысудан бастады. Егістік алқапта шаруалармен жүздесіп, еркін форматта әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Алматыда Абайдың поэзиясы мен музыкасына арналған кеш өтті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыдағы Республика сарайында Абайдың 175 жылдығына арналған поэзия және музыка кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Семейде ломбард қызметкері 4 млн теңгенің алтын бұйымдарын жымқырған
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында тәртіп сақшылары алтын бұйымдарды қолды қылған ломбард қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
Даниал Ахметов: Тасқынның алдын алудың нақты жоспары бекітілді
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынының алдын алуға әзірлік қызу жүруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
27 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА 27 ақпан күні өтетін маңызды шаралар аңдатпасын оқырман назарына ұсынады.
26 Ақпан 2020
Теннис: Бублик Дубай турнирінің ширек финалына шыға алмады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик Дубай ATP турнирінің ширек финалына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
СҚО-да барлық автожолдар жабылып, ертеңгі сабақтар тоқтатылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірден шығатын барлық автожолдар жабылып, 27 ақпан күнгі сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
Асхат Аймағамбетов Мемлекет басшысына білім-ғылым саласындағы ахуалды баяндады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
Оңтүстік Кореяда шорт-тректен әлем чемпионаты өтпейтін болды
СЕУЛ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында 13-15 наурыз күндеріне жоспарланған шорт-тректен әлем чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
ҚР Президенті қаржы-несие ұйымдарына қатысты жағдайды жіті тексеруді тапсырды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторингтейтін мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
ҚХЛ: Плей-офф кезеңіне шыққан командалар анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңіне жолдама алған барлық команда белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Павлодар облысында ауыл мектебінің 19 жастағы мұғалімін зорлап кетті
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының Аққулы ауданы Майқарағай ауылында 19 жастағы мұғалімді зорлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Сан-Францискода коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялады
САН- ФРАНЦИСКО. ҚазАқпарат - Калифорнияның үлкен қалаларының бірі Сан-Францискода короновирустың таралуын алдын алу мақсатында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
Қордайлық екі тұрғынның үйінен бір келіден астам героин табылды
ҚОРДАЙ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Қордай ауданының екі тұрғынынан бір келіден астам героин табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
ШҚО трассасында дизель отынын тиеген жүк көлігі аударылды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен-Алтай» тасжолының 65-шақырымында дизель отынын тиеген жүк көлігі аударылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
Елбасы Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Мысыр Араб Республикасының бұрынғы Президенті Мұхаммед Хосни Мүбарактың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.
26 Ақпан 2020
МӘМС:  Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін өз мәртебесін анықтауы тиіс
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар 1 сәуірге дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі өз мәртебесін анықтауы тиіс. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Алматы әкімдігі аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармауды ескертті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігі аса қажеттілік болмаса адам көп жиналатын жерлерге бармауды ескертті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңындағы брифинг барысында Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфтиді қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұрсұлтан Назарбаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.
26 Ақпан 2020
Елорда және 6 өңір тұрғындары көктайғақ жөнінде ескертілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті жаңбырдың жаууына және түнде ауа температурасының төмендеуіне байланысты 7 өңірдің тұрғындары сақтық шараларын қабылдауды ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
Кабулда Ауғанстан бас прокурорының кеңсесі маңында жарылыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Кабул қаласындағы бас прокурордың кеңсесі маңайында қатты жарылыс болды. Бұл туралы Ауғанстанның Ariana News телеарнасы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
СҚО-да 3,5 айдың ішінде мұғалім мамандығын алып шығуға болады
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жоғары білімі барларға енді 3,5 айдың ішінде даярлық курсынан өтіп, мектепке мұғалім болып орналасуларына мүмкіндік бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Елбасы түрік ғалымы Кюршад Зорлуды қабылдады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті түрік саясаттанушысы, профессор Кюршад Зорлуды қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.
26 Ақпан 2020
Қазақстан-Өзбекстан аймақаралық форумында 52 келісімге қол қойылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Хорезм облысының Үргеніш қаласында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ӨР Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен келіссөз өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап хабарлайды.
26 Ақпан 2020
Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ – прокуратура
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорданың уақытша ұстау изоляторында көз жұмған Дулат Ағаділдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы бүгін қалалық прокуратурадан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Дариға Назарбаева: Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіне мақсатты жеке даму бағдарламасы керек
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Парламенттік тыңдауларға дайындық аясында сауда алаңдары мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың және нарық субъектілерінің өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат жоғары палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
Ер адамның киімі өртеніп, денесінің 80 пайызын күйік шалды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 58 жастағы ер адам денесінің 80 пайызын күйік шалып ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Атқару комитетінің жаңа құрамы сайланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордада ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті Бас ассамблеясының отырысы өтті. Күн тәртібінде ҰОК-тың негізгі басқару органдарын сайлау мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
Түркістанда азық-түлік арзандатылған бағамен сатылуда
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат –Түркістанда халық күнделікті тұтынатын тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында облыстық Кәсіпкерлік және сауда басқармасының ұйымдастыруымен бірқатар іс-шаралар қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
Қазақстанда парламенттік оппозицияға бірқатар құзірет беретін заң жобасы талқылануда
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда парламенттік оппозицияға бірқатар құзірет беретін заң жобасы талқылануда. Аталған заң жобасын бүгін Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында Мәжіліс депутаты Азат Перуашев таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
СҚО-да көктемгі су тасқынының қаупі мол
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл қалыптан тыс жылы және қыс қарлы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Қазгидромет бірнеше өңірде ескерту жариялады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
Қарағанды орталығында көлік өртенді
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды көшелерінің бірінде жеңіл автокөлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Алматыдағы құрылыс компаниялары қазақстандық өнімдерді сатып алмақ
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы дамытуға қатысты проблемалық мәселелерді талқылау үшін құрылыс компанияларының басшыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Қызылағаш су қоймасы биыл іске қосылады
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында осыдан 10 жыл бұрын бөгеті жарылып, істен шыққан Қызылағаш су қоймасы қалпына келтірілді. Биыл бұл су қоймасынан Ақсу ауданының суармалы алқаптарына тіршілік нәрі жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
«Bek Air»-ға жүргізілген жоспардан тыс тексеріс қорытындысы жарияланды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Bek Air» компаниясына жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
Олимпиадалар каникул кезінде өткізілмейді - Асхат Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов енді пәндік олимпиадалар каникул уақытында өткізілмейтінін мәлім етті. Аталған өзгеріс биылдан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
Жандарбек Бекшин Қытай шекарасындағы жағдай қандай екенін айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин Қытаймен шекарадағы жүк көлігі жүргізушілерін тексеру жұмыстары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Тараздағы тойда 9 адам уланып, жетеуі ауруханада жатыр
ТАРАЗ. ҚазАқпарат –Тараз мейрамханаларының біріндегі тойдан кейін тоғыз адамның улану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020
Алматыда 78 ана қайтарымсыз грант арқылы кәсібін бастады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Қазақстан баспасөз клубында Наурызбай аудандық «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығы жыл бойы атқарған жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 Ақпан 2020
Осы уақытта көлік қозғалысы үшін үш трасса жабық
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының қолайсыздығына байланысты осы уақытта үш автотрассада көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.
26 Ақпан 2020
Семейде Құнанбай Өскенбайұлына арналған көрме ашылды
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Көрегенді көсем, парасатты шешен, ел қамқоры – Құнанбай» атты көрме ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
26 Ақпан 2020


"Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысы Жайлаубаев Бақытжан Өміртайұлы

Бөлім басшысының алғы сөзі

Бөлім басшысының өмірбаяны

Атқарылған жұмыстар туралы есеп